Бұрынғы Мәдениет және спорт экс-вице-министрі қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы Мәдениет және спорт экс-вице-министрі қамауға алынды

06.03.2024

Бұрынғы Мәдениет және спорт экс-вице-министрі қамауға алынды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Ол форумға бөлінген ақшаны оңды-солды пайдаланды деген күдікке ілінген.

Айта кетейік, бұған дейін де түрлі БАҚ құралдары Ерлан Қожағапановтың ұсталғаны жайлы ақпарат таратқан еді. Сондай-ақ, антикор өкілі 2023 жылы алаяқтық фактісі бойынша 159 қылмыстық іс теркеліп, 133 адам сотталғанын жеткізді. Түрмеге қамалғандардың 40-қа жуығы айналасындағыларды пара беруге итермелеген. Республика бойынша алаяқтарға берілген қаржының көлемі 14,6 млрд теңге болған.

Арман Тілеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Қарау нәтижелері бойынша жауапкершіліктің әртүрлі түрлеріне 814 адам, оның ішінде тәртіптік жауапкершілікке 812 адам тартылды. Бақылаудың жоқтығы және заңдылықтың бұзылуына жол бергені үшін қарамағындағылар әртүрлі буынның 459 басшысын жазалады.

Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу