Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық ғылым академиясы қайта құрылады

06.03.2024

Ұлттық ғылым академиясын қайта құру көзделіп отыр. Әрі ондағы жас ғалымдарды әлеуметтік қолдау шаралары күшейтілмек. Мәжіліс қабырғасында салаға жауапты министр Саясат Нұрбек «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасын таныстырды. 

Жандос Темірғали, тілші:

Енді Ұлттық Ғылым Академиясының функциялары кеңейтіліп, өз алдына тәуелсіз статусқа ие болады. Қазір қаржыландыру тетіктері қарастырылып жатыр. Жас ғалымдарды қолжетімді тұрғын үймен қамту жайы да бар бұл заңда. Саясат Нұрбек, жаңа заң жобасы отандық ғылымды өзге бағытта қайта түлетеді деп отыр. Өндіріс орындары мен бизнес өкілдері ғалымдармен тікелей жұмыс істейді. Осылайша, дамыған елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстанның ғылыми-технологиялық саясаты бекиді. Инновациялық деңгей артады. Әрі, әлемдік технологиялық көшбасшыларға қатысты инновациялық алшақтық қысқарады. Бұл ретте жұмысын ғылыммен ұштастыратын отандық компаниялардың асығы алшысынан түскелі отыр. Өйткені, оларды салықтан босату көзделген.

Саясат Нұрбек , ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

Салық жеңілдіктер арқылы бизнес инвестицияларды инновацияға ғылымға салуға ынталандыру механизмдерін жаңартып жатырмыз. 150 пайызға дейін шегерілімдер механизмі енгізіледі. Яғни, бизнес бір инновацияға немесе ғылыми зерттеу институтпен бірігіп мықты инновациялық зерттеу жасаған жағдайда 100 пайыз салық төлемейді салған ақшадан.

Ғылыми-техникалық ақпарат орталығын құрылады

Жандос Темірғали, тілші:

Гранттарды берерде енді талаптар қатаңдатылады. Қадағалаушы ұйым ретінде Ғылыми-техникалық ақпарат орталығын құру жоспарда. Орталық заңнамалық деңгейде ғылыми жетістіктерді саралап, инновациялар мен жаңа технологиялар нарығын қадағалайды. Салаға қатысты ақпараттарды жинап, өңдеу және талдау жөніндегі тетікті қарастырады. Минстр өңірлік міндеттерді шешу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қолдау бойынша жергілікті атқарушы органдарға құзырет беруді ұсынды. Айта кеткен жөн, 5 жылда ғылыми жобалардан қазынағы 60 млрд-қа жуық пайда түскен. 1400 жаңа жұм орны ашылды. Отандық ғылым үшін Алдағы үш жылға 730 млрд теңгедей қаралып отыр. Саясат Нұрбек Алматыдағы жағдайы мүшкіл Сейсмология институты туралы да айтты. Ол жайлы толығырақ, ақпараттың алдағы шығарылымында баяндаймыз.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу