Түркістан облысында шаруаларға 4,5 млрд теңге қарыз қайтарылды
Түркістан облысының Жетісай ауданында 4 айдан бері мақтасының ақшасын ала алмай жүрген 2 мыңнан аса шаруаға қарыздары қайтарылды. Аудандық прокуратура қызметкерлерінің араласуымен бүгінгі күнге 4,7 млрд теңге көлеміндегі қарыздың 4,5 млрд теңгесі төленді.
Қазір тек 73 шаруаның 190 млн теңгесін сот арқылы өндіріліп жатыр. Мақта өндіретін 4 зауытқа қатысты 25 талап арыз сотқа жолданған. Қадағалау орган өкілдері базбір зауыт қожайындарының қарызды сотқа жеткізбей ақ қайтарып жатқанын айтады. Тіпті шаруаларға хабарласып, есепшоттарына ақшаның түкен түспегенін нақтылап жатқандар да бар екен.
Ержан Байтілесов, шаруа:
Алдық ақшамызды рахмет, осы екі күн болды. 1,1 млн теңгеміз қалып еді, соны алдық. Счетымызға түсіріп берді.
Айдархан Жүнісбеков, Жетісай ауданының прокуроры:
Ақысыз қызмет көрсетіп жатқан қорғаушы сотқа талап арыздарды беруді жалғастыруда. Сондай-ақ зауыттардың есепшоттарына бұғаттаулар да салынуда. Осы әрекеттердің нәтижесінде зауыт иелері сотта қаралуына жеткізбей ақ төлеуді жүргізіп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03