Алаяқтықтың түрі көбейді: Бір пәтер 2 адамға сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаяқтықтың түрі көбейді: Бір пәтер 2 адамға сатылған

05.03.2024

Бір пәтер екі адамға сатылған. Жалған құжатқа қол қойдым, алаяқтықтың арбауына түстім деген Елордалық тұрғын баспана дауын шеше алмай жүр. Айтуынша қазір сатып алған 4 бөлмелі үйі өзіне тиесілі емес. Оған салынған ақша да жоқ. Пәтерді сатқан күдікті де із-түссіз кеткен.

Әйгерім Тіржанова 4 ай бұрын бейтаныс әйелден бірінші нарықтағы баспанадан пәтер сатып алған. Айтуынша, тараптар арасында сату-сатып алу келісімшарты жасалған. Сатып алу кезінде құжаттарында күдік болмаған, араға бірнеше уақыт өткен соң шикіліктердің шеті көріне бастайды.

Әйгерім Тіржанова:

2 айдан кейін маған следователь телефон соғып тұр, бұл үйге сенің қандай қатысың бар дейді, мен айтам бұл үйді нотариус арқылы сатып алдым, менің қолымда қағазым, квитанциям бар төледім деген. Ол айтады бұл үй базистің сату бөлімінен басқа кісінің атында.

Тығырыққа тірелген Әйгерім адвокат жалдауға мәжбүр болған. Оның қорғаушысы да бұл жерде шикіліктің көп екенін айтады.

Жандос Тұяқов, адвокат:

Біз кейін білдік үлескерлік келісімшарт бойынша ешқандай ақша компанияға төлемеген. Келісімшартта қарызы деген жерде қарызы 0 деп көрсетіліп тұр. Енді қазір тергеу барысында анықталғандай кейбір құжаттарды компанияның алдындағы құжатты кәдімгідей мөрімен жасаған. Мұны қалай жасағаны туралы сұрақтар туындайды.

Қазір күдіктіге қатысты түрлі мәселемен 16 арыз түскен. Алайда оған халықаралық іздеу салынғандықтан, тергеу жұмыстары 2 айдан бері тоқтап қалған.

Аида Ахметбек, тілші:

Қалалық полиция өткен жұмада күдікті ұсталғанын, қазір қамауда отырғанын хабарлады. Мамандардың айтуынша пәтер алаяқтарына алданғандардың саны көбейіп келеді. Арыз да, шағым да көп. Заңгерлер мұндай мәмілелерге мұқият қарау керек дейді.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу