Түркістан облысында теміржол өткелінің опырылуына байланысты айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында теміржол өткелінің опырылуына байланысты айыппұл салынды

05.03.2024

Түркістан облысы Сайрам ауданында теміржол көпірінің бір жақ шеті опырылып кетуіне байланысты «Қазақстан темір жолы» компаниясына айыппұл салынды. Мұндай мәліметті өңірдің полиция департаменті таратты. Қазір департамент тарапынан теміржол өтпелерін күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде жою туралы қосымша нұсқама жіберілді.

Айта кетейік, күні кеше теміржол көпірінің тіреуіші көлік жүргізушілерінің көзінше опырылып түскен еді. Бұл жағдай Шымкент пен Сайрам ауданын байланыстыратын өткелдің үстімен пойыз өткен кезде орын алған. Жолға жауапты «Қазақстан темір жолы» компаниясы апатқа қоршауға бекітілген металл баннер себеп болғанын хабарлаған болатын.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу