Атырау облысында саябақ қайта жөнделеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында саябақ қайта жөнделеді

05.03.2024

Атырау облысында 1 жыл бұрын қомақты қаражат бөлініп, күрделі жөндеуден өтуі тиіс саябақ әлі пайдалануға берілмеді. Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы Аққұл Сарыбөпе атындағы саябақтың құрылыс жұмыстарына жергілікті бюджеттен 179 миллион теңге бөлінген.

«СК Мирас» ЖШС аталған нысанда төсемтас төсеу, жарықтандыру, балалар ойын алаңын салу, субұрқақ қондыру және т.б. жұмыстарды атқарып, 2 айда бітіруі тиіс еді. Алайда құрылыс аяқсыз қалды. Тек 20 проценті ғана бітіп тұр. Әкімдік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра алмаған серіктестікті сотқа берді. Қызылорда облысы сотының аппеляциялық алқасының биылғы жылғы 25 қаңтарындағы шешімімен мердігер жосықсыз деп танылды. Қазір айыппұл өндірту жөнінде сот процесі жүріп жатыр.

Мақсат Төкенов, Миялы ауылдық округі әкімінің орынбасары:

Осы құрылыс жұмыстарын одан ары қарай жалғастыру үшін қазір жобаға түзету енгізуге жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Наурыз айында түзету жұмыстары аяқталса сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын қайтадан осы 2024 жылы жалғастырып, аяқтаймыз.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу