Қытай экономикасын 5 пайызға өсіру жоспары жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай экономикасын 5 пайызға өсіру жоспары жарияланды

05.03.2024

Қытай биыл өз экономикасын 5 пайызға өсіруді жоспарлап отыр. Мұны осы елдің премьері Ли Цянь парламенттің сессиясында мәлімдеді. Кейбір сарапшылардың ойынша, бес пайыздық дамуды қамтамасыз ету оңайға соқпайды. Сондықтан үкіметке өндірісті ынталандыру шараларын қабылдауға тура келеді.

Айта кетсек, Қытай Ұлттық халық конгресінің бұл кездесуі наурыздың 5-і мен 11-і аралығында өтеді. Онда тұтынушылар мен жылжымайтын мүлік саласына көмектесу жоспары да жарияланды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу