Түркияда егде жастағылардың қатары артып барады
Түркия халқының арасында егде жастағылардың саны артып барады. Соңғы жүргізілген зерттеулерге сай Анадолы елінде 10 млнға жуық адам яғни, халықтың 10 пайыздан астамының жасы 65-тен жоғары. Ал 2040 жылға қарай бұл көрсеткіш 17 пайызға жақындайды. Бұл ақпаратты елдің Отбасы және әлеуметтік қызметтер министрі таратты. Бұдан бөлек Түркияда тұңғыш рет қариялар арасында жүргізілген әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде, елдегі қарттардың көбі жалғыз тұратыны анықталған. Мамандар Түркияда да жыл өткен сайын отбасы құндылықтары азайып, ата аналарына қарамайтын балалардың көбейгендігін айтады.
Махинур Өздемир Гөкташ, Түркияның отбасы және әлеуметтік қызметтері министрі:
Әлемнің көптеген елдеріндегідей Түркияда да қариялар көбейіп келеді. Әсіресе жалғыз тұратын қарттардың саны артып отыр. Соңғы бір айда жүргізілген зерттеулерге 22 мыңнан аса қария қатысты. Біз осындай әлеуметтік зерттеулерді 4 жыл сайын жүргізіп, жасы ұлғайған азаматтардың қажеттіліктері мен мәселелерін анықтап шешуді қолға алмақпыз.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
HackAlem AI қатысушылар саны бойынша әлемдік рекорд орнатты
24.09.2026, 09:43
Шекарадағы өткізу бекеттері жаңартылды
23.09.2026, 20:30
Азия ойындары: Қоржындағы медаль саны 19-ға жетті
23.09.2026, 20:28
Қытайда халықаралық «Жібек жолы» кинофестивалі өтті
23.09.2026, 20:26
Жетісу облысында үш экопарк ел игілігіне берілді
23.09.2026, 20:24
Астанада HackAlem AI хакатоны өтті
23.09.2026, 20:22
Бурабайда тау туризмі дамып келеді
23.09.2026, 20:20
Елордада бірыңғай дизайн-код бекітілді
23.09.2026, 20:18