Түркияда XX қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды
Түркияда XX қысқы Сурдлимпиада ойындары басталды. Дүбірлі додаға 36 мемлекеттен 1000-ға жуық спортшы қатысып жатыр. Жарыста тау шаңғысы, сноуборд, шаңғы жарысы, шахмат, футзал және керлинг спорт түрлерінен 34 медаль жиынтығы ойнатылады. Қазақстан тарапынан осы қысқы ойындарға шахмат, сноуборд және шаңғы жарысынан 26 спортшы бақ сынайды. Айта кетсек, Сурдлимпиада ойындарына есту қабілеті нашар спортшылар қатысады. Жарыс алдында олар аудиограммадан өтіп, қойылған талаптарға сай келетіндігін дәлелдеу қажет. Қысқы ойындар 12 наурызға дейін созылады.
Әділхан Өмірзақов, дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының орынбасары:
Біздің ұлттық құрамамыз бұл ойындарға үшінші рет қатысқалы тұр. Жалпы спортшыларымыз жақсы дайындықпен келді. Оқу-жаттығу жиындарын өтті. Спортшыларымызға қолдау жасалды. Енді ертең жарыстың алғашқы күні басталады. Спортшыларымыз шахматтың блиц түрінен және де шаңғыдан жарыс жолына түсетін болады.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04