«Үміт бесігі» жобасы жалғасын тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Үміт бесігі» жобасы жалғасын тапты

14.04.2021

Әр сәбиге жаңа өмір сыйлайтын «Үміт бесігі» жобасы жалғасын тапты. Екінші бэби-бокс Алматы облысындағы Қарасай ауданаралық ауруханасында ашылып отыр. Ұйымдастырушылардың айтуынша, игілікті істің мақсаты – тастанды балаға қамқор болу. Себебі, соңғы уақытта жаңа туған шақалағын қоқысқа, құрылыс алаңына, тіпті, әжетханаға тастап кететін жантүршігерлік жағдайлар жиіледі. Осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында ең алғашқы жоба былтыр жүзеге асты. «Үміт бесігі» әлеуметтік шарасы сәби өміріне қауіп төнгенде жедел көмек көрсету үшін медициналық мекемелер жанына ашылып отыр.

Құндыз Төреханова, қайырымдылық қор өкілі: 
Бұл жерде біз ешқашан туған ананы баласын тастап кетсін деп үгіттемейміз. Өмірдегі ең қасиетті әрі қымбат нәрсе не ол? Адамның өмірі ғой. Сондықтан жаңадан туған сәбиді жанын сақтап қалатын орын. 

Хабарламаларға жазылу