Ұлытау облысында тебіннің қиындауынан жылқылар қырылуда. Желтоқсан және ақпан айларында ауа райы күрт жылып жаңбыр жауып артынша жайылым жаппай мұз құрсанған. Салдарынан қылқұйрықты атаулы шөпке жарымай көтерем болуда. Ауыл шаруашылық министрлігі тарапынан жағдайды бақылауға өңірге арнайы шыққан комиссия мүшелері осындай қорытынды жасады.
Берілген мәлімет бойынша, Жаңаарқа мен Қаражал қаласының аралығында 23 бас жылқының өлексесі табылған. Осы ауданның басқа да төңіректерінде тағы 44 бас қырылғаны анықталған. Бұл малдардың барлығы ешқайда тіркелмегендіктен иелері табылмаған. Ветеринарлық станцияға тұрғындар тарапынан өтініш түспеген. Ал Ұлытау облысында 2 мың жылқы аштан қырылды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Облыста барлығы 84 мыңнан астам жылқы бар. Жергілікті билік тарапынан өлген малдың саны есептеп, тіркеуге алу жұмыстары қолға алынған.
Руслан Нұрланұлы