«Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинаты іске қосылды

02.03.2024

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатында жұмыс қайта жанданды. Бүгіннен бастап бірден 750 адам жұмысқа шықты. Әзірге 150 кенші жұмыссыз отыр. Өйткені шахталар сол күйі жабық. Комбинат басшылығының тілшімізге берген мәліметіне қарағанда руданы Баянауыл ауданы аумағындағы “Сувенирный” кенішінен сатып алған. Алғашқы 4,5 мың тонна көлеміндегі өнім комбинатқа кеше әкелінді. Ал, алдағы дүйсенбіде аталған кеніштен бірнеше ай бойы шикізат алып отыру үшін арнайы келісімшарт жасалады. Яғни, кәсіпорынға тиесілі кеніштердің қай аумағы қауіпті, қай бөлігінде жұмыс істеуге болатыны нақты анықталғанға дейін руда сырттан жеткізіледі. «Осылайша бір мыңға тарта адамды жұмыссыз қалдыруға жол берілмейді», - дейді комбинаттың бас директоры Қуаныш Ботин.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу