Таразда «Айтыскерлер үйі» ашылды
Таразда еліміз бойынша алғаш рет айтыскер ақындар мен жыршы-термешілер орталығы ашылды. Енді өңірдің өнерлі жастары мен сөз зергерлеріне шыңдалатын жаңа ғимарат бар.
Орталықтың ашылуына өзге аймақтардан белгілі ақын-жазушылар келді. Мәдени нысанның директоры болып айтулы ақын Ахметжан Өзбеков тағайындалды. Ал қос қабатты ғимаратта жас айтыскерлер клубы, жыршы-термешілер бөлмесі мен мәжіліс залы бар. Сонымен қатар, алдағы уақытта дыбыс студиясын ашу жоспарланып отыр.
Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Қазақстандағы басқа өңірлерге өнеге болатын алғашқы орталық. Сондықтан да алдағы уақытта біз жұмыс жүргізетін боламыз. Басқа өңірлерге де осы Жамбыл облысының игі бастамасын алға тартып осының әрі қарай жалғасын табуын басқа өңірлерде де ашылуын сұрайтын боламыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22