Майқайыңға су беріле бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Майқайыңға су беріле бастады

02.03.2024

Майқайыңға су беріле бастады.10 мың халқы бар кенттегі көпқабатты үйлерді түгел қамту үшін қысымды барынша күйшетіп жатыр. Орталықтандырылған магистральді іске қосу үшін 13 шақырымнан астам құбыр желісін жылытуға тура келді. Естеріңізге сала кетейік, осыдан 10 күн бұрын Екібастұз су арнасына қарасты магистральде ірі апат болып, техногендік сипатта төтенше жағдай жарияланды. Қатып қалған құбырды жылытуға қаладағы кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары тартылды. Осы уақыт аралығында ұзындығы 60 шақырым магистраль бойындағы «Богатырь-Көмір» кеніші де сусыз отырды. Апатқа кінәлілер анықталып, жауапқа тартылады.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу