Астанада ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған «Бірлік» ансамблінің концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған «Бірлік» ансамблінің концерті өтті

02.03.2024

ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған «Бірлік» көпұлтты ансамблі, Алғыс айту күніне орай Астанада тұсаукесер концертін өткізді. 60-қа жуық этносты бір сахнада тоғыстырған айтулы кеште, 200 дей адам өнер көрсетті. Бас-аяғы 15 шығарма көрермен назарына ұсынылды. Мұнда оркестрлер, би ансамбльдері және аспаптық ансамбльдер бар. Өнерлі жастар әр өңірден жиналған. Ұжымның бірегей репертуары еліміздегі 130 этностың музыкалық мұрасы мен өнерін қамтиды. «Бірлік ансамблін» құрарда кастинг өткізілген. Нәтижесінде 20 үздік биші мен музыкант таңдалды. Композицияларды қою мақсатында, тәжірибе алмасу үшін көрнекті шетелдік хореографтар, Ресей, Татарстан, Өзбекстан мен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері шақырылған.

Кястутис Янкаускас, ЕО өкілдігінің қазақстандағы төрағасы:

Өзге елдердің мәдениетіне деген шексіз құрметті көріп, қазақ халқының тектілігіне тағы бір мәрте қайран қалып тұрмын. Өнерде шекара жоқ. Ол достықты бекіте түсетін алтын көпір іспетті. Оның нақ дәлелін «Бірлік» ансамблі паш етті. Өнерпаздар мен тәнті болдым.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу