Шығыста таулы аудандарға тасқын қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыста таулы аудандарға тасқын қаупі төніп тұр

01.03.2024

Шығыстағы таулы аудандарға биыл қар қалыпты мөлшерден бірнеше есе көп жауды. Ақпан айында айықпас боранның соңы сақылдаған сары аязға ұласты. Бұл коммуналдық мекемелердің жұмысын қиындатты. Алтай ауданындағы тұрғындар енді күн райы күрт жылынса қарғын су баса ма деп, қауіптеніп отыр.

Александр Юрушев биыл қазан айынан басап қолынан күрек түспегенін айтады. Қазір ауласындағы ақ ұлпадан аяқ алып жүргісіз. Енді күн жылынғанда су баса ма деп алаңдаулы.

Александр Юрушев, Алтай қаласының тұрғыны:

Күннің күрт жылынуынан қорқамыз. Мынаның бәрі ериді. Оған таудағы қарды қосыңыз. Жердің тоңы да бір метрден асып кетті. Өзендердің деңгейі де көтеріледі. Туыстарым ауылда тұрады. Соларға қауіп төнбесе екен деймін.

Қауіп төнбес үшін таулы аудандарда алғашқы қар жауған күннен басап сақтық шаралары жасалауы тиіс. Алайда тұрғындар тіпті Алтай қаласының іші дұрыс тазаланбағанына наразы.

Бақытжан Қожабаева, Алтай қаласының тұрғыны:

Мысалы үшін мына ескі қала сол жақтағы жер үйлерге қиын. Жолдарының әрі қиқы-шойқы. Қаланың ана жақ шеті, мына жақ шеті. Көп қой оның күрейтіні.

Владимир Палин, Алтай қаласының тұрғыны:

Бұрын техника басқаша болды ма. Қазір мүлде дұрыс тазаланбайды. Әлде жұмысшы жетіспей ма? Қар жауағанда орталық көшемен ғана жүріп өтеді.

Орталық көшелердің де оңып тұрғаны шамалы. Қала әкімінің айтуынша осы қыста 40 мың текше метр қар шығарылған. Алайда қатты аяз жұмысқа кедергісін келтірсе, ақпанның соңында жауған қар көшелерді мүлде көміп тастаған.

Олжас Керейхан, тілші:

Алтайда жылда қар қалың жауады. Тұрғңындардың айтуынша биыл ерекше көп түскен. Тіпті жаяу жүргіншілер жүретін жолдың бойындағы қардың қалыңдығы кісі боймен бірдей. Енді күн райы күрт жылынса, халық қарғын су баса ма, деп қауіптеніп отыр.

Қауіпті болдырмас үшін ауданда тасқынға-тосқын қою жұмыстары пысықталып жатыр. Бүгінге дейін 30 тонна жағармай мен құм салып бөгет жасайтын 11 мың қап дайындалды.

Аманкелді Тымбаев, Алтай аудандық аумақтық қорғанысының арнайы топ басшысы:

Су тасқыны болған кезде халықты қауіпсіз жерге көшіруге бізде 19 орын дайындалған. 9 елді мекенде және де 11 мың кісіге дейін есептелген. Техникалар аудан бойынша ауыр техникалар. Олардың бәрі дайындық та. Келісім-шарттар жасалған.

Жалпы шығыста көктемде 6 ауданда тасқын қаупі бар. Сондықтан аймақтағы атқарушы билік гидротехникалық нысандарды бақылауға алып, өзен-көлдерде мұз жару жұмыстарын бастап жатыр. Ал қарғын су айтып келетін апат.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу