Түркістан облысында оқушы қыз мектептің үшінші қабатынан секірген
Түркістан облысының Келес ауданында сегізінші сыныпта оқитын қыз мектептің үшінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Абырой болғанда аман. Дәрігерлер оның бірнеше жерінен сүйектері сынып, басынан ауыр жарақат алғанын айтады.
Әбдісамат Утамуратов, жарақат бөлімінің дәрігері:
Бас миының шайқалуы, бірінші бел омыртқасының сынуы, жабық жарақаты, жамбас сүйегінің сынуы, сегіз көз сүйегінің сынуы анықталды. Шоктан шықты. Қазіргі жағдайы қалыпты, жақсарумен. 1-1,5 айда сүйектері біткен соң, өзі жүре алады.
Қазір осы жағдай бойынша полицейлер Қылмыстық кодекстің «Өз өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабымен іс қозғап, сараптамалар тағайындады. Абай ауылындағы мектеп басшылығы бұл жағдайға сыныптар арасында болған кикілжің себеп болуы мүмкін дейді. Өйткені бір күн бұрын 13 жастағы қыз бен қатарластары арасында түсініспеушілік болып, ата-аналары мектепке шақыртылған көрінеді.
Бердібек Бұхарбаев, Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Бұл қызымыз бұрын да сол классқа ауысып келген. Жаңадан сол жердегі қыздармен келіспей қалып, әке-шешелерін шақырамыз дедік. Солармен жұмыс жүргіземіз дедік. Сол уақытта жаңағы оқушымыз сыртқа шығып кетті. Содан барып секіріп кетті ғой енді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44