Президент Алғыс айту күнімен құттықтады
Бүгін – Алғыс айту күні. Осыған орай, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстан халқына құттықтауын жолдады. "Бұл – береке-бірлігімізді бекемдей түсетін мереке. Осы күні еліміздің азаматтары бір-біріне ерекше ілтипат көрсетіп, ризашылығын білдіреді. Сондай-ақ татулық, ынтымақ, достық сынды қастерлі құндылықтар жан-жақты дәріптеледі. Мұның бәрі ұлтты ұйыстырудың ұтымды жолы екені сөзсіз. Халқымыздың уақыт сынынан өткен жанашырлық, қамқорлық, мейірімділік сияқты асыл қасиеттері, әсіресе қиын-қыстау кездерде айқын көрінеді. Бүгінде мемлекетімізде ауқымды өзгерістер болып, Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасалып жатыр. Осындай сындарлы сәтте елдік мүддені бәрінен биік қойып, ырыс-ынтымағымызды сақтау өте маңызды. Біз озық ойлы ұлт ретінде көздеген барлық биік мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін. Осы орайда тынымсыз тер төгіп, Қазақстанды көркейтуге өз үлесін қосып жүрген азаматтарға алғыс айтамын",- деді.
Айта кетейік, бұл күн 2016 жылы 14 қаңтарда мереке ретінде жарияланған болатын. Осыдан 29 жыл бұрын дәл осы 1 наурыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Парламентаралық шахмат кубогі өтті
23.04.2026, 20:59
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған құқықтық акция өтті
23.04.2026, 20:58
Каспийдің келешегі: Экожүйе мен экономикаға қауіп
23.04.2026, 20:57
Орталық Азиядағы эко-волонтерлікті дамыту жөніндегі резолюция қабылданды
23.04.2026, 20:40
Шетелдік БАҚ экологиялық саммитті талқылап жатыр
23.04.2026, 20:38
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия отырысында GRECO ұсынымдарының орындалуы қаралды
23.04.2026, 20:35
Жас сайлаушылар форумы өтті
23.04.2026, 20:34
Ресейдің Қазақстандағы мәдениет күндері басталды
23.04.2026, 20:31