Мәжіліс екі айда 18 заңды Сенаттың қарауына жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс екі айда 18 заңды Сенаттың қарауына жіберді

01.03.2024

Президент Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады. Кездесу барысында мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндалды. Мәселен, соңғы екі айда ғана Мәжіліс 18 заң жобасын қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген.

Қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасын орындау үшін депутаттар Бюджет, Су, Құрылыс кодекстері, сондай-ақ бірқатар маңызды заң жобалары бойынша бір мезетте жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Amanat» партиясының жұмысы туралы мәлімет берілді.


Хабарламаларға жазылу