Астанадағы Достық үйінде телекөпір форматындағы ауқымды шара басталды
Алғыс айту күніне орай, Астанадағы Достық үйінде телекөпір форматындағы ауқымды шара басталып жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Бүгінгі мереке тарихи оқиғамен өріліп жатыр. Өйткені біртұтас еліміз, Алғыс айту күнін бір уақыт белдеуінде қарсы алды. Біз тұрған Достық үйінде атаулы күннің айбынын айғақтай түсетін шара басталып кетті. Қазір Қазақстандағы барлық достық үйлері онлайн байланысқа шықты. Ұзын саны мың шақты адам қосылды. Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, Мәдениет және ақпарат Вице-министрі, депутаттар мен этно-мәдени бірлестік өкілдері қатысып жатыр.
Жандос Темірғали, тілші:
Шара барысында Қайырымдылық керуені республикалық акциясы да өтеді. Осы акция барысында, жомарт жан аз қамтылған екі тұрғынға баспана сыйлайды. Мерекелік шараның жалғасы ретінде Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Бірлік ансамблі» ән-би ұжымының тұсаукесер-концерті ұйымдастырылады. Айта кеткен жөн, қазір елімізде 1400-ден астам этно мәдени бірлестік бар. 33 достық үйі жұмыс істейді.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08