«Қазақтеңізкөлікфлоты» мұнай тасымалы көрсеткішін өсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақтеңізкөлікфлоты» мұнай тасымалы көрсеткішін өсірді

29.02.2024

Елімізде мұнай тасымалы артты. «Қазақ теңіз көлік флоты» компаниясы былтыр отандық кемелермен 11 миллион тоннаға жуық қара алтынды шет елдерге тасымалдаған. Бұл, 2022 жылмен салыстырғанда шамамен 1 жарым миллион тоннаға артық. Бұл көрсеткішке Қазақстан мұнайының Каспий теңізі арқылы және ашық теңіз арқылы тасымалдануы оң ықпалын тигізуде.

Өткен жылы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Біріккен Араб Әмірліктері компаниясымен маңызды келісімдер жасалды. Соның нәтижесінде «Қазақтеңізкөлікфлоты» және «офко офшор интернашнл» компанияларының арасында қазақстандық сүйреткіштерді жалға алу туралы 3 жылдық келісімшарт жасалды.

Айдар Оржанов - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС басқарма төрағасы:

Сұранысқа қарай, «Қазақ теңіз көлік флоты» компаниясы қара алтынды Каспий және Қара теңіз бен Жерорта теңіздері арқылы тасымалдайды. Ол үшін былтыр Тараз, Лива танкерлері сатып алынды. «ТК Ақтау» танкері де өткен жылы 8 жыл үзілістен кейін, қайтадан Баку порты бағытында рейске шықты. Бүгінде онымен Ақтау-Баку бағыты бойынша мұнай тасымалданады. Қазақстан мұнай тасылмалының көрсеткіші салыстырмалы түрде 15,4 пайызға өсті.

ҚазМұнайГаз» компаниясы Біріккен Араб Әмірліктері компаниясымен Қазақстанда кеме жасау және кеме жөндеу кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойған. Осы орайда, биыл бұдан бұрын қалыптасқан өндірістік алаңдарды негізге ала отырып, кеме жасау және кеме жөндеу өндірісін құру мүмкіндігін зерделеу жұмыстары басталмақ.

Нұржан Жұмаев, «Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС Бас директорының орынбасары:

Сауда флотын дамыту үшін, кеме жасау кәсіпорнын салу маңызды. Аса қажет деуге де болады. Қазіргі уақытта біз кеме жасау зауытын салу мәселесін қарастырып жатырмыз. Одан бөлек, компания тарапынан Каспий теңізінде мұнай тасымалдау үшін, 12 000 тонналық 3 танкердің құрылысы басталды.

Кеме құрастырып, жөндейтін кәсіпорын құру- теңіз көлігіне кешенді қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Сондай-ақ өңір экономикасын дамытып, жаңа жұмыс орындарын құруға оң ықпалын тигізбек.


Аяжан Оралбай

Хабарламаларға жазылу