«Ауыл аманаты» жобасы тиімділігін көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ауыл аманаты» жобасы тиімділігін көрсетіп жатыр

29.02.2024

«Ауыл аманаты» жобасы өз тиімділігін көрсетіп жатыр. Мәжілістегі «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген жиынында палата спикері, ((КСМ))әрі партияның төрағасы Ерлан Қошанов осылай айтты. Қазір шамамен 80 миллиард теңге көлемінде, 2,5%-дық мөлшерлемемен 12,7 мың шағын несие берілген. 2029 жылға қарай жоба аясында 1 миллион ауыл тұрғынын қамтып, 350 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл мақсатқа ел тарихында алғаш рет 1 триллион теңге бөлінді. Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмыспен қамтылған азаматтар санын арттыруға арналған нақты жоспармен бөлісті

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті мәжілісінің төрағасы, «Аmanat» партиясының төрағасы:

«Ауыл аманаты» – Президенттің сайлауалды бағдарламасына енгізілген бірегей жоба. Онда ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартудың нақты әрі түсінікті тетіктері қарастырылған. Ең бастысы, қаражаты толық шешілген. Бір жылдың ішінде жобаның тиімділігін көріп отырмыз. Барлық мемлекеттік органдар мен әкімдіктер, біз депутаттар «Ауыл аманаты» жобасын сапалы жүзеге асыруға тиіспіз.


Хабарламаларға жазылу