Павлодар облысындағы ауылда IT маман қызғалдақ өсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы ауылда IT маман қызғалдақ өсіреді

29.02.2024

Павлодар облысында IT маманы ауылға көшіп барып, голландиялық қызғалдақты жергілікті климатқа жерсіндірген. Махмуд Тұрсын ол үшін ата-анасы тұратын Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылында 300 шаршы метрлік жылыжай салған. Гүлді өсіруге ауылдағы қара топырақты таңдадым, - дейді. Айналасы үш айда көздің жауын алатын мыңдаған түп өсіп шыққан. Қазір бұл жерде қызғалдақтың 16 түрі жайқалып тұр. Әр талды баласындай мәпелеген жас бағбан оларды иісіне қарап ажырата алады екен. Қызғалдақ негізінен қыр гүлі ғой. Сондықтан болашақта ашық далаға егіп көрмек ойы бар. Кәсіпкер жігіт қазір 10 адамға тұрақты жұмыс беріп отыр. Жылыжай 8 наурыздан кейін гүлден босайды. Содан кейін қияр мен қызанақ егуді бастамақ.

Махмуд Тұрсын, кәсіпкер:

Ауылдағы өмірді өзім сияқты жас жігіттерге, жас адамдарға көрсетіп, осы ауылдың керемет екендігін көрсетіп, ауылға жаңа кісілерді тарту. Осы кереметтердің бірі өздеріңіз көріп отырғандай қызғалдақ гүлдерін өсіру. Себебі, осындай гүлдер біздің солтүстік аймақтардың көбінде өспейді.

Хабарламаларға жазылу