Қазақстанның туристер үшін ең тартымды 20 аймағы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның туристер үшін ең тартымды 20 аймағы бекітілді

29.02.2024

Қазақстанның туристер үшін ең тартымды 20 аймағы бекітілді. Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Ол биыл туризмге қолайлы аймақтар тізімінің 10-нан 20-ға дейін кеңейтілгенін жеткізді.

Сонымен топ-20 тізіміне: Батыс Қазақстан облысындағы «Хан Ордасы», Ақтөбе облысындағы «Қарғалы су қоймасы», Қостанайдағы туристік кешен, «Щучье-Бурабай курорттық аймағы», «Имантау-Шалқар курорттық аймағы», «Баянауыл», «Катонқарағай», Абай мен Жетісу облыстарындағы «Алакөл курорттық аймағы», «Түрген-Қаскелең тау шаңғысы кешені», «Балқаш», Түркістан мен «Байқоңыр» ғарыш айлағы, Маңғыстаудағы «Жылы жағажай» және Атырау облысындағы «Сарайшық қалашығы», сондай-ақ Шымкенттегі «Гастрономиялық туризм орталығы» енді.

Айта кету керек, ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, Министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған туристік бағыттардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.


Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу