Абай облысындағы өртенген орманды қалпына келтіруге ғалымдар көмектеседі
Абай облысындағы өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіруге ғалымдар көмектеседі. Бұл туралы Семейде өткен «Орман өрттері – XXI ғасырдың жаһандық мәселесі» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Ресей мен Болгарияның жоғары оқу орындарының мамандары орманды қайта түлетудің тиімді жолдарын ортаға салды. Олардың пайымынша, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып шекаралық аймақтағы ағаштарды кесіп, азайту керек. Тілсіз жауды ерте анықтау үшін цифрлы технологияларды қолданып, әуеден барлау жүргізу қажет. Семейде былтырғы алапат өрт кезінде 63 мың гектар аумақ отқа оранған болатын. Келген шығын көлемі - 160 миллиард теңге.
Алексей Клевенко, Экологиялық зерттеулер орталығының жетекшісі:
Біздің зертханамызда орманды жедел қалпына келтіретін кешен әзірленіп жатыр. Жобаның мақсаты – қарағайды тездетіп өсіру. Мұның пайдасы зор. Топырақта жылу да, ылғал да сақталады.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06