Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 3 күнде 31 медаль жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия чемпионаты: Спортшыларымыз 3 күнде 31 медаль жеңіп алды

29.02.2024

Ел қоржыны 31 медальмен толықты. Филиппинде өтіп жатқан 11-ші Азия чемпионатының үшінші күнінде су спорты түрлерінен спортшыларымыз тағы 10 медаль жеңіп алды. Оның бесеуі алтын.

Бұл жолы қазақстандық спортшылар 100 метрге жүзу және тұғырдан секіру мен эстафета бойынша үздік атанды. Айта кету керек, байрақты бәсеке жерлестерімізге алдағы Париж олимпиадасына жолдама алуға сеп болады.

Нұрсұлтан Тілекстес

Хабарламаларға жазылу