Азия ойындары: Қазақстан құрамасы бейресми командалық есепте 12-орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия ойындары: Қазақстан құрамасы бейресми командалық есепте 12-орында тұр

02.10.2023

Азия ойындарының кезекті жарыс күніндегі жалпы командалық кестеге назар аударайық. 263 медальмен көшбасында жарыс қожайындары. Қытай Халық Республикасының қоржынында 143 алтын, 80 күміс және 40 қола бар. Екінші орында – Жапония құрамасы. Оларда: 33 алтын, 43 күміс, 45 қола. Үздік үштікті 31 алтын, 39 күміс, 63 қоламен Корея Республикасы түйіндейді. Ал Қазақстан әзірге кестенің 12-нші сатысында тұр. Спортшыларымыз 4 алтын, 7 күміс және 26 қола медаль жеңіп алды.


Хабарламаларға жазылу