Париж Олимпиадасының бойтұмары Астанада
Париж олимпиадасының бойтұмары Астанада. Дүбірлі дода нышаны елордадағы Олимпиада және Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штабта өткен кездесуде табысталды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесспен кездесіп, Олимпиада ойындарын ұйымдастыру, өткізу барысын талқылады.
Сондай-ақ Франция елшісі Астанада Париждегі ойындарға арналған мурал салу туралы жоспарын айтты. Ал министр Қазақстан мен Франция арасындағы туристік ағымды одан әрі ұлғайту үшін тікелей рейстерді іске қосып, Қазақстан азаматтарына туристік визалар беру рәсімін жеңілдетуді ұсынды.
Дидье Канесс, Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Олимпиада ойындарының Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосар үлесі зор деп білемін. Мәселен, қазақстандық дзюдошылар мен каратешілерді француздық тренерлер жаттықтыратынын білетін шығарсыздар. Екі ел арасындағы ынтымақтастық спорт бағыты бойынша да нығайып жатқанына қуаныштымыз.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жетісу облысында қырықтан аса экожоба ұйымдастырылған
09.06.2026, 13:24
660 сарбазға білім гранты табысталды
09.06.2026, 13:21
Астанада ІІІ халықаралық архившілер конгресі өтуде
09.06.2026, 13:18
Жапондар пайдаланылған өсімдік майын авиаотынға айналдырмақшы
09.06.2026, 13:15
Пхеньянда Си Цзиньпин мен Ким Чен Ын саммит өткізді
09.06.2026, 13:12
4 айда негізгі капиталға салынған инвестиция – ₸4,9 трлн
09.06.2026, 13:09
Заң үстемдігі – қоғам тұтастығының басты кепілі
09.06.2026, 13:06
Telegram-да алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
09.06.2026, 13:03