Павлодар қалалық әкімшілігі өндірістік қауіпті аумақта тұрғын үй салмақ болған
Павлодар қалалық әкімшілігі жастарға арналған шағын ауданды өндіріс ошақта , яғни адам денсаулығына қауіпті аумақта салмақ болған. Сол үшін демеушілерден 40 млн теңге жинап, қаланың бас жоспарына түзету енгізген. Құрылысты бастау үшін сәулет және жер заңнамасын белден басып 186 гектар жер бөлген. Алайда мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асырылуы тиіс жобада «шикілік» бары белгілі болды. Прокуратураның тексеруінен кейін құрылысқа тыйым салынды, ал жауапты мемлекеттік қызметкерлер жұмыстан қуылады.
Төребек Қалжан, Павлодар облысы прокурорының көмекшісі:
Жергілікті атқарушы орган өнеркәсіптік нысандардан максималды қашықтықты сақтамай, оны есепке алмай көп пәтерлі тұрғын үйлермен әлеуметтік нысандарды салуды жоспарлаған. Оның салдарынан санитарлық қорғау аумағы бұзылатын еді. Әдеп бойынша кеңес қала әкіміне сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысын атқаратын мемлекеттік лауазымынан босату жөнінде ұсыныс жасады.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша рейд өтті
14.08.2026, 13:20
Саясаттанушы: Партиялардың халықпен байланысы маңызды
14.08.2026, 13:17
Күн ысып, +44°C-қа жетеді
14.08.2026, 13:15
Жапониядағы тасқыннан төрт адам қаза тапты
14.08.2026, 13:13
Астанада қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр
14.08.2026, 13:10
«Әлімбет» өткізу бекетінің әлеуеті екі есеге артады
14.08.2026, 13:07
Елдегі шетел азаматтарына талап күшейді
14.08.2026, 13:05
Студенттерден қомақты ақша үптеген ақтаулық сотталды
14.08.2026, 13:03