Солтүстік Қазақстанда маралдар қырылып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысындағы «Красный бор» арнайы табиғи аумағында маралдар қырылып жатыр. Ондаған жабайы жануардың өлексесі қорыққа жақын маңдағы Заречный ауылының қоқыс полигонына тасталған. Талап бойынша өлекселер арнайы орында жойылуы тиіс. Қорықтың аумағы 62 мың гектардан асады.
Былтырғы санақ бойынша мұнда 1300-ден астам марал тіркелген. Табиғи аумақта еліктер мен қабандар да тіршілік етеді. Мемлекет қорғауына алынған жануарлардың қысқы жеміне 5,5 млн теңге бөлінген. Мамандар азықтың жеткілікті екенін айтады.
Қуан Есімов, Табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бас маманы:
Қыс бойы жаңбыр жауды, одан кейін қатты аяз болды. Оның үстіне бізде қардың көлемі өте көп. Сондықтан да оларға азық табу өте қиын. Маралдардың басты өлу себебі – олардың әлсіз болуы. Сараптама нәтижесі бойынша оларда инфекциялық аурулар табылмаған.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12