Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дұрыс жұмыс істемегені үшін 14 қызметкер жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дұрыс жұмыс істемегені үшін 14 қызметкер жазаланды

29.02.2024

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дұрыс жұмыс істемегені үшін Төтенше жағдайлар министрлігі мен Алматы төтенше жағдайлар департаментінің 14 қызметкері жауапқа тартылды. Жазаланғандардың қатарында министрліктегі 4 басшы мен олардың 5 орынбасары, ведомствоға қарасты ұйымның бір басшысы, аумақтық бөлімше басшысы мен оның орынбасары бар. Бірақ олардың толық аты-жөні жарияланған жоқ.

Айта кетейік, 23 қаңтарда түнгі сағат 12:09-да Алматыда 5 балл жер сілкінісі болып, халық үйлерін тастап, жаппай сыртқа шыққан еді. Алматылықтар жер сілкінісінен кейін екі сағаттан соң ғана хабарлама алған еді. Содан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жиын өткізіп, қаланың азаматтық қорғаныс жүйесі жер сілкінісіне дайын болмай шықты деген болатын.

Әйгерім Ердаулет

Хабарламаларға жазылу