Жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік беріледі
Тағы бір мүмкіндік. Түрлі себеппен жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметкерлер мен судьяларға қайта қызметке тұруға рұқсат берілмек. Мәжіліс заңды мақұлдады. Конституциялық сот теріс қылық жасаған жұмысшыларды өмір бойына қызметтен шектеу ата заңға сәйкес келмейді деп таныған. Осы ретте мерзімсіз тыйым салудың орнына уақытша шектеу белгіленді. Дегенмен, жемқорлық жасағандар мен ауыр қылмысқа барғандар және қылмыстық топ құрамында заң бұзғандар мемлекеттік қызметке қайта келе алмайды. Сонымен қатар жұмыстан кеткен судьялар да енді мемлекеттік жұмысқа орналаса алады. Соңғы 5 жылда 40 судья теріс себептермен жұмыстан босатылған. Алайда олар құқық қорғау, әскер сынды құзырлы мекемелерге қызметке тұра алмайды.
Дархан Жазықбаев, ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Мерзімсіз тыйым салудың орнына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыстан шығарылған азаматты мемлекеттік қызметке қабылдауды шектеудің 2 жылдық мерзімі белгіленеді. Заң жобасында мемлекеттік қызметке кіру кезіндегі шектеулерді салааралық саралау көзделген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Трамп бастамашы болған суперинтеллект туралы келісімге қолдау білдірді – сарапшылар пікірі
02.10.2026, 14:09
Бізге дайын өнім мен жаңа технология жасай алатын білікті мамандар қажет - Тоқаев
02.10.2026, 13:39
Астанада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) халықаралық кинофестивалі өтіп жатыр
02.10.2026, 12:34
Президент: Трамптың суперинтеллект туралы келісімі жаһандық үлгі болуы мүмкін
02.10.2026, 11:20
Шетелдік басылым Қазақстанның соңғы жылдардағы өзгерісіне назар аударды
02.10.2026, 09:10
Трамп бастамасымен жасалған суперинтеллект туралы келісім жаһандық деңгейде үлгі болуы мүмкін — Тоқаев
02.10.2026, 08:36
Азиада: Ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте 9-орында тұр
01.10.2026, 20:30
Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
01.10.2026, 20:30