Қарағанды облысында құс фабрикасы бола тұра, жұмыртқа қымбат
Төрт бірдей ірі құс фабрикасы бола тұра, Қарағанды облысында жұмыртқа қымбаттаған. Өткен жылы орташа есеппен 10 дана жұмыртқа 450 теңге болса, қазір кей жерлерде 520 теңгеден саудаланып жатыр. Ал мамандар болса, жұмыртқаға берілетін субсидияның тоқтауы және көршілес елдерден сұраныстың артуы қымбатшылыққа әкеп соқтырды деп ақталып отыр. Былтырға дейін әр жұмыртқаға 3 теңгеден субсидия төленіп келген. Бағаны шарықтатқан кәсіпкерлерге айыппұл салынған. Қазір, бағаны тұрақтандыру үшін апта сайын сауда орындарына арзандатылған 1-сұрыпты жұмыртқа жеткізіліп жатыр. Ал әлеуметтік маңызы бар ұн, қарақұмық, қант, сұйықмай бағасы 1-2 пайызға арзандаған.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Екі адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды
23.04.2026, 13:33
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
23.04.2026, 13:30
Қытайлық қандасымыз атажұртты велосипедпен аралап жүр
23.04.2026, 13:27
Түркология құрылтайына 100 жыл
23.04.2026, 13:25
Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды
23.04.2026, 13:22
Тегеран мәселені келісім арқылы шешуді қолдайды
23.04.2026, 13:20
Lufthansa 20 мыңдай әуе рейсін қысқартпақ
23.04.2026, 13:18
31 мамырға дейін Дубайға ұшу тоқтатылды
23.04.2026, 13:15