ШҚО-да әжелер квизі өтті
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында «Әжелер квизі» өтті. Жастардың арасында кең таралған интеллектуалдық ойын шекараның шебіндегі Ахметбұлақ ауылында ұйымдастырылған. Аудандағы ауылдардан 10 команда жиналып, 90 әже зияткерлік сайыста сынға түсті. Ұлттық киім киген қариялар тартысты байқауда салт-дәстүр, тарих, музыка мен өнер тақырыбында білімдерін байқатты. Ерекше форматтағы интеллектуалдық ойын-сауықтың мақсаты- әжелер институтын қалыптастырып, зейнет жасындағы адамдардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру. Ойын арқылы ұлттық тәрбиені жаңғырту дейді ұйымдастырушылар. Аудандағы келесі ойын енді наурыз мерекесі қарсаңында ақсақалдар командасымен толықпақ.
Ержан Жақып
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06