Ақтөбеде үш ауысымды мектептер мәселесі шешілмей тұр
Ақтөбеде үш ауысымда білім беретін мектептердің мәселесі шешілмей тұр. Сондықтан, облыс орталығындағы оқушы саны көп білім ордаларына жапсарлас ғимараттар салынып жатыр.
Жауаптылардың сөзінше, биыл өңірде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 18 білім беру мекемесін салу көзделген. Оның он үші Ақтөбе қаласында, қалғаны аудандарда. Олардың жалпы құны 90 миллиард теңге шамасында. 14 нысан жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Төртеуінің құрылысы 2025 жылы аяқталуы тиіс. Қазір облыс орталығында үш ауысымда білім беретін мектептердің саны – үшеу. Тағы төртеуі апатты жағдайда тұр. Жаңа мектеп салуға қала орталығында бос жер жоқ.
Аслан Жарасбаев, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:
Ауылдық жерлерде апатты мектептер, ескі мектептер болатын болса, қаланың ішінде үш ауысымды мектептер бар. Үш ауысымды мектептер мәселесін шешу үшін №60, 51, ескі қаладағы №2, 49,47-ші мектептердің құрылысына жапсарлас құрылыстар салынып, осы мәселелер шешілетін болады.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17