Шымкентте алимент төлеуден қашып жүрген 400-дей азаматқа іздеу жарияланды
Шымкентте отбасынан айырылып, баласына алимент төлемей жүрген 400-дей азаматқа іздеу жарияланды. Олар осы ақша үшін мекен жайын өзгертіп, ешбір жерде тіркеуге тұрмай жалтарып жүргендер. Сондай- ақ шаһарда тағы 300-ге тарта азамат табысының жоқтығын сылтау етіп, перзентіне әкелік қамқорлық жасамай келеді. Жалпы алғанда шаңырағын шайқалтып алған 700-дей әке балаларына 2 миллиард теңге берешек. Осы қаржыны өндіру мақсатында алимент төлемей жүргендер мен пробация қызметінің тізіміндегі азаматтар үшін еңбек жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 2 мыңға тарта жұмыс орны ұсынылды. Енді одан бас тартқандар жазаға тартылмақ.
Қуандық Айтбайұлы, қалалық прокуратураның басқарма басшысы:
Оларға әртүрлі жұмыстарды ұсынамыз. Егер ол жұмысқа келіспей жалтарған жағдайда оларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылатын болады.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы «Тұрғын үйді міндетті сақтандыру»: Талаптары қандай?
27.09.2026, 20:25
Халық кеңесіне қандай міндет жүктелді?
27.09.2026, 20:10
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында болған оқиғаға қатаң баға берді
27.09.2026, 20:05
Ауыл дәрігерлері 600 науқасқа жүрек отасын жасаған
27.09.2026, 17:16
Ұлытауда бір күнде 4 теміржол вокзалы пайдалануға берілді
26.09.2026, 20:13
Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысты
26.09.2026, 13:18