Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді
Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді. Әлеуметтік желіде қондырғы құбырларынан сұйықтық төгіліп, бұрқақ боп атқылап жатқан видео тарады. Зауыттағылар ақпаратты растады. Кеше кешкісін бензин коллекторында жанар май кеткені анықталған. Өнімді тез ығыстыру үшін желіге қысыммен су жіберілген. Қазіргі уақытта ақау жөнделді. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүріп жатыр. Әзірге қанша бензин төгілгені айтылмады, қызметтік тергеу басталды.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыӨскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 10:11
Алматыда өнертанушы Мұхамеджан Әлімбаевтың 75 жылдығына арналған көрме ашылды
22.10.2026, 10:09
Брюссельдегі әйгілі мүсінге қазақтың шапаны кигізілді
22.10.2026, 10:08
Павлодар облысында тауарларға жеңілдік апталығы жарияланды
22.10.2026, 10:06
Кремль Украина мәселесі бойынша үшжақты келіссөзге дайын
22.10.2026, 10:04
Адамның араласуынсыз тапсырма орындайтын ЖИ жүйелері талқыланады
22.10.2026, 10:01
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30