Мәнерлеп сырғанаушы М.Шайдоров алтын медаль алды
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Нидерландта өткен Челлендж кап турнирінде топ жарды.
Тильбург қаласындағы сайыста бақ сынаған қазақстандық спортшы қысқа бағдарламада 85.75 ұпай жинап, 2-сатыға жайғасқан болатын. Отандасымыз еркін бағдарламада бар өнерін паш етіп, суырылып алға шықты. Михаил Шайдоров бұл сында 170,59 ұпай жинады. Қазақстандық спортшы қоссайыс қорытындысы бойынша жалпы есепте 256,34 ұпаймен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Күміс пен қола медальдар Жапониялық Тацуя Цубои мен Казуки Томоноға бұйырды. Бұл турнирге барлығы 32 мемлекеттен 157 спортшы қатысты.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынына 50-ші жүлде түсті
23.10.2026, 20:30
Ақтөбеде спорт кешені пайдалануға берілді
23.10.2026, 20:29
Алматыда оңалту саласындағы жаңа технологиялар таныстырылды
23.10.2026, 20:29
ҚазҰУ экологиялық шара ұйымдастырды
23.10.2026, 20:28
Республика күніне тарту: MEGA-да тарих сахналанады
23.10.2026, 20:26
ШҚО-да өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтар марапатталды
23.10.2026, 20:25
Ақтөбеде Мемлекеттік наградалар табысталды
23.10.2026, 20:23
Іле ауданында Республика күні аталып өтті
23.10.2026, 20:21