«Шығармашыл интеллигенция– Қазақстан балаларына». Елордада осы тақырыпта баспа өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Жиында балаларға кітап оқу мәдениетін қалыптастыру төңірегінде сөз қозғалды. Сонымен қатар баспа өнімдерін мейлінше қызықты етіп шығару мәселесі қаралды. Жоба жетекшілері жастардың кітапқа қызығушылығын арттыру үшін мұғалімдермен бірге ата-аналар да белсенді болу керектігін айтты.
Әлия Сәйдембаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының директоры:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес былтырғы жылғы «Балалар кітапханасы бағдарламасы» бұйрығы бекітілген болатын. Енді осы шараны 17-і облыста және біздің Астана, Алматы, Шымкент шаҺарларында өтетін болады. Бұл науқан болып қалмайды, алдағы жылдары да біз бұны қолға алдық. Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлының өзінің жіті тапсырмасымен қадағалануда.
Мәди Бижан