Британиялық компаниялар 4 күндік жұмыс кестесіне көшті
Британ компаниялары 4 күндік жұмыс кестесіне көшті. Эксперименталды жобаға 61 мекеме қатысқан. Олардың 89 пайызының аз жұмыс істеп, біраз шаруа тындыруға болатынына көздері жеткен.
Қызметкерлері жалақыны толық алған. Күйзелістен арылып, жұмысқа деген құлшыныстары артқан. Нәтижесінде бизнес иелерінің табысы еселенді. Әрбір екінші фирма, яғни 51 пайызы эксперимент аяқталғаннан кейін 4 күндік кестеге біржолата көшіп отыр. «Уақыт үнемдеген қызметкерлер отбасына және өзінің дамуына көңіл бөліп, еңбек өнімділігі артты», - дейді жұмыс берушілер.
Марк Даунс, корольдік биологиялық қоғамның атқарушы директоры:
Денсаулық жағдайына байланысты демалысқа шығатындардың саны азайды. Егер бұрын қатардағы қызметкер жылына 4-5 рет сырқаттанса, қазір 1-2 күн ғана ауыратын болды. Біз нәтижеге ризамыз.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы орта бизнестің үлесін 20 пайызға жеткізуді ұсынды
05.10.2026, 20:37
Қайтарылған активтер есебінен салынған жаңа стадион іске қосылды
05.10.2026, 20:22
Жаңа технология – ғылымға серпін
05.10.2026, 20:21
Кітап оқып, 10 миллион теңгеге ие бол!
05.10.2026, 20:21
Кітап – алтын қазына
05.10.2026, 20:20
Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы
05.10.2026, 20:18
Ұлағатты ұстаздар марапатталды
05.10.2026, 20:17
Трактор тізгіндеген кейуана ауылдастарына қолғабыс етіп жүр
05.10.2026, 20:16