Ереуілге байланысты жабылып қалған Эйфель мұнарасы қайта ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ереуілге байланысты жабылып қалған Эйфель мұнарасы қайта ашылды

26.02.2024

Париждің әйгілі Эйфель мұнарасы алты күнге созылған ереуілден кейін қала тұрғындары мен туристер үшін қайта ашылды. Себебі оның қызметкерлерінің осы нысанға көңіл бөлу және жалақыны көтеру туралы талаптары орындалуға жақын. Мұнараны жөндеу жұмыстарына 2031 жылға дейін 380 миллион еуро бөлінетін болды. Ал айлықты өсіру туралы келіссөздер басталып кеткен.

Айта кетсек, Франция астанасында биыл шілденің 26-сы мен тамыздың 11-і аралығында Жазғы Олимпиада ойындары өтеді. Онда жеңімпаздарға табысталатын медальдар осы тарихи ескерткіштен алынған алтыбұрышты кесектерден жасалған екен.

Эйфель мұнарасы 135 жыл бұрын салынды. Оның биіктігі - 330 метр. Жыл он екі ай ашық тұратын мұнара былтыр зейнетақы реформасына қарсы шерулер кезінде 10 күнге жабылған.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу