Елімізге Илон Масктың Starlink қондырғысы жеткізілді
Елімізге Илон Масктың Starlink қондырғысы жеткізілді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің парақшасында жариялады.
Министрдің сөзінше, әзірге елге Starlink қондырғысының 500 данасы әкелініпті. Ол Алматыға жабдықты қабылдау барысын арнайы тексеру үшін келгенін айтқан. Ал келесі аптада Түркістан және Ақмола облыстарындағы мектептерге жабдықтарды жеткізу басталады екен.
Бағдат Мусин 20 күннің ішінде бас-аяғы 2000 жинақ жеткізіледі деп отыр. Сол арқылы 2000 шалғайдағы ауыл мектебін жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілмек.
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
17.09.2026, 17:15
Қазақ ғалымдар Менделеев кестесінің элементін шығармақ
17.09.2026, 17:12
Шымкентте блефаропластикадан кейін бір көзі көрмей қалған
17.09.2026, 17:10
Алматыдағы 820 пәтер иелері кооперативінің 118-і ғана тіркеуден өткен
17.09.2026, 17:07
Шымкентте «Заң мен тәртіп» сервисі жаңартылды
17.09.2026, 17:05
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытына айыппұл салынды
17.09.2026, 17:03
Инвестиция тарту жүйесі жетілдіріледі
17.09.2026, 17:00
Астанаға Сыр өңірінен сауда керуені аттанды
17.09.2026, 13:18