Кассациялық сатыдағы сотты қайта реформалау көзделіп отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кассациялық сатыдағы сотты қайта реформалау көзделіп отыр

26.02.2024

Кассациялық сатыдағы сотқа реформа қажет. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары мен судьялар бас қосқан көшпелі отырыста айтылды. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Снежанна Имашева, сот төрелігін халықаралық стандарттарға жақындатудың жаңа тәсілдерін әзірлеуді ұсынды. Ол бейтарап, әділ және тәуелсіз сот төрелігін көргісі келетін адамдар үшін, жүйедегі өзгерістердің маңыздылығын атап өтті. Ал Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев заңда инвестордың қызметі, әкімшілік шарт институты ұғымдарын нақтылау және жаппай кассациялық сатыны кезең-кезеңімен енгізу кезінде, үш дербес сот сатысын қалыптастыру қажеттігіне назар аударды. Қазір 300-ден астам судьялық орын бос тұрғандықтан, ішкі резервтер есебінен кассациялық соттарды құру көзделіп отыр. Реформаны 2025 жылы жүзеге асыру жоспарда.

Снежанна Имашева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Кассацияға жүгінгенде алдын-ала қарайтын ортада судьялар болады. Істі жіберуге бола ма әлде, негіз жоқ па. Осы көптеген азаматтарымызға кедергі болып тұр. Оған келіспей тұр. Олардың айтуынша, біздердің құқықтарымызды шектеп отырсыз дейді. Кассацияға өтетін сатыны алып тастау мәселесі. Бұл деген үлкен ауқымды реформа. Бірталай қаржыны талап етеді.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу