Оңтүстік Кореяда дәрігерлер шеруі жалғасып жатыр
Оңтүстік Кореяда шерулетіп жатқан дәрігерлердің қатары көбейіп келеді. 400-дей адам президент кеңсесінің жанына жиналып, медицина саласында қалыптасқан жағдайдың халық денсаулығына қауіпті екенін ескертті.
Кореяда докторлар шеруінің басталуына үкіметтің келесі жылы медик-студенттердің санын 3000-нан 5000-ға дейін көбейту жоспары себепші.
Биліктің мәлімдеуінше, қоғам қартайып бара жатқандықтан, елге дәрігерлер бұрынғыдан да аса қажет. Ал демонстранттардың айтуынша, Оңтүстік Кореяда медицина қызметкерлері жеткілікті. Бірақ олардың жалақысын өсіріп, жағдайын жақсарту қажет.
Рю Ок Хада, дәрігер-стажер:
Стажер-дәрігерлер әдетте аптасына 100 сағаттан астам жұмыс істейді. Қызметті таңғы 04:00-де бастаймыз. Біз айына 1500 доллар мен 3000 доллар арасында жалақы аламыз. Ал біреулер бізді ондаған мың доллар табады деп ойлайды. Олай емес. Иә, Оңтүстік Кореяның медициналық жүйесі керемет, арзан саналады. Бірақ мұндай нәтиженің ар жағында арзан жұмыс күші тұр ғой.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16