Елімізде мобильді аударым 30%-ға азайған
Заң үстем алып, кәсіпкерлер тәртіпке бағына бастады. Ұлттық банктің төрағасы Тимур Сүлейменов елде мобильді аударым азайғанын айтты. Кәсіпкерлер бүгінде төлемді тек заңды түрде қабылдайтын болған. Алайда саудаласу кезінде онлайн аударымның қысқарғаны халықты аздап қынжылтатын көрінеді. Динара Жарқынбек анықтады.
Жыл басынан бері мобильді аударымға қатысты жаңа заң күшіне енгені белгілі. Ұлттық банктің дерегінше, содан бері бұл төлем түрі 30%-ға қысқарған. Жұртшылықтың сөзінше, қазір саудаласу кезінде тек кассалық құрылғы арқылы не қолма қол төлем жасайды. Алайда, «мобильді аударым» тиімді болған еді, - дейді көпшілік.
Шағын кәсіп иелерінің айтуынша, жыл басынан бері мобильді аударыммен төлем қабылдауды саябырлатқан. Оның орнына қолма қол немесе банк картасы арқылы сауда жасаймыз дейді. Дегенмен олар тұтынушылар үшін ақшаны шотқа аудара салу ыңғайлы әрі үйреншікті екенін алға тартты.
Қағаз ақша қайта жандана бастағанын Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов те растады. Оның сөзінше, соңғы кезде көпшілік қолма қол валюта іздей бастаған. Алайда, ол бұл жағдай жақында қалыпқа келіп, азаматтар жаңа нормаға үйренеді деп сенеді.
Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:
Қаңтар айында жиналған статистикалық мәліметтерге қарасақ, бұл 30 пайызға азайып кетті. Сол себепті қолма-қол валютаға сұраныс артты. Жалпы, мемлекеттік кірістер комитеті түсіндірме жұмыстарын жүргізгеннен кейін жағдай реттеліп келе жатқанын, ары қарай да реттеледі деп ойлаймын.
Еске салсақ, жыл басынан әртүрлі тұлғалардан үш ай қатарынан ай сайын 100 немесе одан да көп мобильді аударымдар алған тұлғаларды ғана, яғни, кәсіпкерлік қызметтің белгілері байқалған жағдайда тексеру жүргізіле бастады. Алайда, жақында ғана Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров бұл мәселенің қайта пысықталатынын айтқан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15
Түркияда әлеуметтік желіге тіркелу үшін жеке куәліктің нөмірін енгізу керек
06.04.2026, 20:13
Axios: АҚШ пен Иранға атысты тоқтату жоспары ұсынылды
06.04.2026, 20:12
Енді жеке деректерді кім таратқанын тексеруге болады
06.04.2026, 20:07
Мобильді аударымдар: 15 сәуірге дейін салық органдарына жолданады
06.04.2026, 20:04
Әлеуметтік желі адамды қалай тәуелді етеді?
06.04.2026, 20:03
Президент Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасын қабылдады
06.04.2026, 20:01
Алаяқтар астаналық тұрғынның 20 миллион теңгесін жымқырды
06.04.2026, 19:05