Оңтүстік Кореяда ереуілге қосылған дәрігер саны 8,5 мыңға жақындады
Оңтүстік Кореяда ереуілге қосылған дәрігер саны 8,5 мыңға жақындады. Сондықтан жергілікті үкімет денсаулыққа төнген қауіп денгейін ең жоғары дәрежеге көтерді. Ал мемлекеттік ауруханаларда медицина жүйесіне түскен салмақты жеңілдету үшін жұмыс уақытын ұзарту көзделіп отыр. Шеруге үкіметтің саладағы студент санын 3 мыңнан 5 мыңға дейін көбейту туралы жоспары себеп болған. Биліктің мәлімдеуінше, қоғам қартайып бара жатқандықтан, дәрігер бұрынғыдан көп қажет. Ал демонстранттардың пікірінше, елде медицина қызметкері жеткілікті. Бірақ, олардың жалақысын өсіріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту қажет. Осы дау салдарынан емдеу мекемелерінде маман азайып барады. Сондықтан денсаулық сақтау министрлігі телемедицина қызметіне рұқсат беретінін хабарлады.
Парк Мин-Су, Оңтүстік Корея денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
Үкімет ақпанның 23-нен бастап дәрігерлердің ұжымдық әрекеті аяқталғанша, телемедицина қызметтеріне барлық ауруханалар мен емханаларда толық рұқсат бермек. Мұндай шешім медициналық көмектің ұзақ уақытқа тоқтау мүмкіндігіне дайындық ретінде қабылданып отыр.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары – 2026»: Ел намысын 11 команда қорғайды
24.07.2026, 20:36
Тұңғыш драматург жайлы алғашқы жинақ шықты
24.07.2026, 20:34
Әскери дайындыққа арналған жаңа оқулықтар жарық көрді
24.07.2026, 20:31
Қызылорда облысының Шиелі ауданында жастар саябақты тазалап, игі іске жұмыла атсалысты
24.07.2026, 20:27
Алматы жетекші гастрономиялық орталықтардың біріне айналды
24.07.2026, 20:25
Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 1 059 медаль жеңіп алды
24.07.2026, 20:22
Алматыда жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті
24.07.2026, 20:19
Ресейде қор нарығы құлдырап, бағалы қағаздар құнсызданды
24.07.2026, 20:19