Ақтөбеде 414 миллион теңге жымқырған есепші 7 жылға сотталды
Ақтөбедегі нөмірі 55-інші мектеп-гимназияның бас есепшісі сотталды. Ол 8 жыл ішінде 414 миллион теңгеге жуық қаржыны өзінің банктік шотына жалақы ретінде заңсыз аударып келген.
Сот процесіне Облыстық білім басқармасы мен бөлім қызметкерлері, өңірдегі 400-ден аса мектептің директорлары, есепшілері онлайн режимде қосылды. Мақсат – білім саласы қызметкерлеріне ой салу.
Сот материалдарына сәйкес, ақша жымқырды деп айыпталған есепші тек бір жылда өзіне 200 млн теңгеден астам қаражат аударған. Бұл мектептің жылдық еңбекақы қорының 30 пайызына тең. Сот үкімімен ол 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, 10 жыл лауазымды қызметті атқаруына тыйым салынды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
23.04.2026, 10:39
Әлемде парниктік газ шығарындылары күрт көбейіп барады
23.04.2026, 10:22
Жасыл энергия - тұрақты дамудың қозғаушы күші
23.04.2026, 10:17
Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады
23.04.2026, 10:07
Аралды құтқару: 4 маңызды құжатқа қол қойылды
23.04.2026, 10:02
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11
Жасыл технология – табыс көзі
22.04.2026, 20:10