Блогерлер контентінде жарнама бар екенін таңбалауы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Блогерлер контентінде жарнама бар екенін таңбалауы тиіс

23.02.2024

Енді блогерлер өз контентінде жарнама бар екенін міндетті түрде таңбалауы тиіс. «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» туралы заң 2 наурыздан бастап күшіне енеді. Заң жобасы Қазақстанда қауіпсіз онлайн орта құруға бағытталған. Олар жарияланымның басында немесе соңында «жарнама», «жарнамалық материал», «серіктестік материал», «демеушілік материал», «жарнама құқығында»,«демеушімен төленген», «PR құқығында» деген тұжырымдардың бірін көрсету керек. Ал қайырымдылық мақсаттағы және коммерциялық емес сипаттағы пайдалы ақпараттар үшін жарнаманы арнайы белгілеудің қажеті жоқ.

Кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды

Ал Атырауда кәсіпкерден 2 млн теңге ақша бопсалаған блогер ұсталды. 26 жастағы күдікті ақпан айынан бері кәсіпкердің азық-түлік сататын дүкенін бірнеше мәрте бейнежазбаға түсіріп, сөрелерін ақтарып шу шығарған. Оны жарияламау үшін 2 млн теңге ақша сұраған. Кейін азық-түлік алып, ақысын төлемей кеткен. Блогер қазір қамауда, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу