«Қарызсыз қоғам» жобасының цифрлық платформасы іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарызсыз қоғам» жобасының цифрлық платформасы іске қосылды

23.02.2024

Енді үйден шықпай-ақ қаржылық сауаттыңызды арттыра аласыз. Былтыр іске қосылған «Қарызсыз қоғам» жобасының цифрлық платформасы таныстырылды. Осыған дейін 65 мың тыңдаушы оқыту курсынан өтсе, биыл 200 мың адамның қаржылық сауатын арттыру көзделген. Курстан өткен азаматтардың үштен бір бөлігінде екі немесе одан да көп несиесі бар. 58 пайызы көп бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Платформа 24 сағат жұмыс істейді. Жоба аясында білім алған азаматтар жеңілдетілген несие алып, өз кәсібін аша алады.

Әлішер Өмірбаев - qogamfin.kz платформасын әзірлеуші:

Өткен жылғы оқылымда негізінен ауылдық жерлерге басымдылық берілген болатын. Алайда биыл мақсатты аудиторияны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе ұлғаюы, оның жобаға қалалар, мектеп оқушылары, студенттердің келуіне ықпал етті. Сондықтан қоғам фин платформасы білім алушылардың осы легін тиімді басқару қолдау, цифрландыру және заңгерлер мен бизнес-тренерлердің консультиацияларын алуға көмектеседі.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу