Қазақстанда азаптаумен күрес бойынша білім беру платформасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда азаптаумен күрес бойынша білім беру платформасы ашылды

25.04.2023

Елімізде азаптаумен күрес бойынша білім беру платформасы ашылды. pytkamnet.kz сайтымен бірге арнайы чат-бот және мобильдік қосымша іске қосылды. Сайт «Орталық Азиядағы әлеуметтік инновациялар» бағдарламасы аясында Еуразия қорының қолдауымен әзірленген. Түрлі заңсыз әркеттердің құрбаны болғандарға желі арқылы білікті заңгерлер, құқық қорғаушылар мен халықаралық сарапшылар кеңес береді. Арнайы курстар ұйымдастырады. Мұнда психолог мамандардың да көмегін алуға болады. Ақпаннан бері сайт арқылы мыңға жуық адам курстан өтсе, 15 өтініш түскен. Басқосуда прокурорлар, сот өкілдері мен қорғаушылар еліміздегі азаптау мәселесін талқылады. Қатысушылар жиын қорытындысы бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды Президент кеңсесіне, Үкіметке және Парламентке жолдауды жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу